The site is loading source codes, images and scripts
please wait a bit
0%

Құпиялылық саясаты

 

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы мекенжайы бойынша орналасқан «HOPE» – Help Others Pursue Education» қоғамдық қоры БСН 250440026890 (бұдан әрі – Қор) қор платформаларын Пайдаланушылар қолданған/кірген кезде жинайтын жеке деректер базасының иесі болып табылады. Осы Құпиялылық саясатында Қор қандай жеке деректерді жинайтыны, оларды қалай және қандай мақсатта пайдаланатыны, жеке деректерді пайдаланудың негіздері, жеке деректердің кімге берілетіні, сондай-ақ Пайдаланушылар өз құқықтарын қалай іске асыра алатыны туралы ақпарат берілген.
Осы Құпиялылық саясаты іс-шараға билеттерді сату жөніндегі Жария Шарттың (бұдан әрі "Шарт"мәтіні бойынша) ажырамас бөлігі болып табылады.
 

1.      АНЫҚТАМАЛАР

Қор – «HOPE» – Help Others Pursue Education» қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға, БСН 250440026890
 
Сайт-домендік атаулары бар интернет желісінде орналастырылған ақпараттық жүйе, https://hopeworldcongress.com/ сатып алушыларға қызметтерді сатуға арналған.
Серіктес – жеке және заңды тұлғалар, резиденттер және резидент еместер, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, сатушы, банк және басқа да тұлғалар, олардың қатысуымен Сатушы Қызметтерді жүзеге асырады.
Бұл ретте Серіктестер сатушыдан және/немесе платформадан тәуелсіз, сондай-ақ ортақ меншік негізінде немесе бір бақылауда әрекет ете алады.
Платформа – Пайдаланушылардың дербес деректерін қабылдау және/немесе беру жүзеге асырылатын барлық және кез келген байланыс арналары, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей:
- Сайт;
- Қолдау қызметі;
- Әлеуметтік желілердегі парақшалар, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей: Facebook, Instagram, Telegram;
- Барлық басқа да кез келген коммуникация арналары.
Пайдаланушылар – өз атынан платформа арқылы Қормен өзара іс-қимыл жасайтын жеке тұлғалар не олар өкілдік ететін заңды тұлғаның атынан және оның мүддесі үшін әрекет ететін жеке тұлғалар, сондай-ақ тіркелген пайдаланушыларды және есептік жазбасы жоқ пайдаланушыларды қоса алғанда, жеке кәсіпкерлер, рұқсат етілмеген пайдаланушылар.
Cookies – бұл Сатып алушылар кірген сайттардан алынған деректерді браузер жазып алатын шағын мәтіндік файлдар. Cookies бірнеше функцияларды атқарады: мысалы, Пайдаланушының сайт беттері арасында тиімді ауысуына, оның қалауларын есте сақтауға мүмкіндік береді және осылайша Сайтпен өзара әрекеттесу тәжірибесін жақсартады. Сондай-ақ, олар Пайдаланушы көретін онлайн жарнаманың оның қызығушылықтарына сәйкес болуына ықпал етуі мүмкін.
 
Осы Құпиялылық саясатында қолданылатын барлық анықтамалар Шартта және/немесе Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын барлық басқа қосымшаларда, саясаттарда, ережелерде, толықтыруларда, өтініштер мен келісімдерде көрсетілген анықтамаларға және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады және түсіндіріледі.

2.      ҚОР ЖИНАЙТЫН ЖӘНЕ ӨҢДЕЙТІН АҚПАРАТ

Қор Пайдаланушылардан олардың сұратқан Қызметтерін ұсыну, Платформа арқылы кеңес алу үшін қажетті жеке ақпаратты сұратуы мүмкін. Сонымен қатар, Пайдаланушылар Платформада тіркелу/өзара әрекеттесу барысында Қорға өздерінің дербес деректерін ұсынады. Пайдаланушылар Қорға шарттық міндеттемелерді орындау мақсатында беретін дербес деректер Қор Шартының және/немесе оның ажырамас бөлігі болып табылатын барлық басқа қосымшалардың, саясаттардың, ережелердің, толықтырулардың, өтініштер мен келісімдердің мазмұнында көрсетілген.
Қор келесі дербес деректерді жинайды және өңдейді:
Пайдаланушылар Қорға өздері ұсынатын деректер;
Қор автоматты түрде жинайтын деректер;
Пайдаланушылар туралы деректер, Қор Пайдаланушылар сұратқан Қызметтерді көрсету процесінде Қормен тікелей немесе жанама байланысты Серіктестер мен өзге тұлғалардан алатын деректер.
Пайдаланушылар Қорға ұсынатын дербес деректер:
Идентификациялық деректер – Пайдаланушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін деректер, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей: тегі, аты, жынысы, туған күні, электрондық пошта мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), жеке кабинетті ашуға арналған логин;
Транзакциялар туралы ақпарат – Платформа арқылы жасалған сатып алулар, тапсырыстар, қайтарулар, Пайдаланушының қолдау қызметіне жүгінуі туралы ақпарат;
Пікірлер – Пайдаланушылардың Платформада Қызметтерге қатысты қалдырған пікірлері, сондай-ақ өзге де пікірлер мен ұсынымдар.
Қор автоматты түрде жинайтын деректер:
Қор сондай-ақ cookie файлдары арқылы Пайдаланушылардың Платформамен өзара әрекеттесуіне қатысты мәліметтерді жинайды, оған мыналар кіреді:
Пайдалану туралы мәліметтер – Пайдаланушылардың Платформамен қалай өзара әрекеттесетіні туралы ақпарат, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей: Пайдаланушы қандай беттерді қарайды, Сайттағы қандай сілтемелерге өтеді, қандай Қызметтерге қызығушылық танытады, Платформаға кіру күні мен уақыты, сондай-ақ Пайдаланушыны Платформаға бағыттаған веб-сайттар туралы деректер (тек егер ауысу іздеу жүйесіндегі интернет-ресурстан немесе Қордың жарнамасы орналастырылған интернет-ресурстан жасалған болса), Пайдаланушының Платформамен әрекеттескен кездегі нақты уақыттағы орналасқан жері туралы деректер және Платформамен өзге де әрекеттесу туралы ақпарат;
Техникалық деректер – IP-мекенжай, браузер деректері, қолданылатын тіл, сондай-ақ Пайдаланушылардың операциялық жүйесіне қатысты деректерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.
Қордың Серіктестерден алатын деректері төмендегідей:
Қор сондай-ақ Пайдаланушылар туралы өзге де деректерді Серіктестерден немесе басқа тұлғалардан ала алады.
Платформаның жұмысын оңтайландыру және жекелендіру мақсатында, Пайдаланушылардан және/немесе Серіктестерден және/немесе өзге тұлғалардан алынған дербес деректер немесе автоматты түрде жиналған деректер бірыңғай деректер қорына біріктірілуі немесе бір-бірінен тәуелсіз дерекқорларда жинақталып, жеке өңделуі мүмкін. 
Қордың барлық әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Пайдаланушылардың құқықтарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Пайдаланушылар жазбаша өтініш беру арқылы кейбір дербес деректерді пайдаланудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Пайдаланушы Платформаның белгілі бір функцияларын пайдалана алмауы және/немесе кейбір Қызметтер мен ақпараттарға толық қол жеткізе алмауы мүмкін.
 

3.      ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУ МАҚСАТТАРЫ

Қор дербес деректерді келесі мақсаттарда жинап, өңдеуі мүмкін:
Қызметтерді көрсету – Қызметтер туралы ақпарат ұсыну, Тапсырыстарды өңдеу, Пайдаланушыларды Платформада сәйкестендіру, жаңа Пайдаланушылар үшін Платформада профильдер қалыптастыру, сондай-ақ клиенттік қолдау көрсету мақсатында;
Шағымдарды қарау және дауларды шешу – шағымдар және/немесе даулар бойынша толық әрі жан-жақты ақпарат алу және оларды шешу үшін қажетті мәліметтерді жинау мақсатында.
Платформаны әкімшілендіру – пайдаланушылардың профильдерін басқару, ақауларды анықтау және жою, есеп жүргізу және деректерді орналастыру, сондай-ақ Платформаны басқару мақсатында өзге де әкімшілік әрекеттерді орындау үшін.
Қызметтердің сапасын жақсарту, бизнесті дамыту – Қызметтердің сапасын арттыру, оның ішінде Пайдаланушылардың қызығушылықтары мен қалауларын ескере отырып Платформаны бейімдеу, жаңа Қызметтерді ұсыну мақсатында. Қор дербес деректерді зерттеулер, талдаулар, сауалнамалар жүргізу үшін пайдаланады. Бұл Пайдаланушылардың сатып алу таңдауларын талдауға, олардың талаптарына барынша сай келетін Қызметтерді анықтауға, жарнаманың тиімділігін бағалауға және Пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін бақылауға көмектеседі.
Маркетинг – қызметтер туралы ақпарат беру, акциялар, арнайы ұсыныстар және өзге де кез келген материалдар жөнінде Пайдаланушыларды хабардар ету мақсатында.
Жекелендірілген жарнама – Пайдаланушылардың қызығушылықтарын анықтау және/немесе ең өзекті жарнамалар мен ұсыныстарды көрсету үшін.
Заңды міндеттемелерді орындау – қордың заңнамаға сәйкес белгілі бір міндеттемелері бар, және Қор кейбір дербес деректерді осы міндеттемелерді орындау мақсатында өңдейді.
Статистикалық деректер.
 

4.      ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Пайдаланушының Платформаны пайдалана бастаған сәті осы Құпиялылық саясатының барлық талаптарымен толық келісетінін және оны ешқандай толықтыруларсыз не алып тастаусыз қабылдайтынын білдіреді. Сонымен қатар, бұл Пайдаланушының дербес деректерін жинауға, жүйелеуге, жинақтауға, сақтауға (нақтылау, жаңарту, өзгерту), өңдеуге, пайдалануға, үшінші тұлғаларға беруге, иесіздендіруге, бұғаттауға, жоюға және трансшекаралық беруге толық әрі сөзсіз келісім бергенін білдіреді. Бұл келісім электрондық, қағаз және (немесе) өзге де тасымалдағыштарда тіркелген, кез келген дереккөздерден, соның ішінде жалпыға қолжетімді көздерден алынған немесе алынуы мүмкін, Қорға және/немесе Серіктестерге белгілі болған, белгілі болатын немесе белгілі болуы мүмкін дербес деректерге қатысты, және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
Келісім Шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ ол аяқталғаннан кейін 3 (үш) жыл бойы күшінде болады.
Егер Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда, Пайдаланушы Платформаны пайдалануды дереу тоқтатуы тиіс.
Осы Құпиялылық саясаты тек Платформаға қолданылады, және Қор Пайдаланушы сілтемелер арқылы өтуі мүмкін үшінші тұлғалардың сайттары мен қосымшаларын бақыламайды және олардың мазмұнына, сондай-ақ олардағы дербес деректерді өңдеу тәртібіне жауап бермейді.
Қор Пайдаланушы Сайтта немесе Қосымшада ұсынған деректердің шынайылығын тексермейді. Деректердің дұрыстығына толық жауапкершілікті Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен өз бетінше көтереді.
 

5.      ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ

 

Қор Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес Пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық шараларды қабылдайды.
Пайдаланушының міндеттері:
Қорға дербес деректерге қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, Пайдаланушы олардың дұрыстығына кепілдік береді, сондай-ақ дербес деректерінде өзгерістер болған жағдайда Қорды хабардар етуге міндеттенеді. Қор Пайдаланушыларға Платформаға қол жеткізу жүзеге асырылатын жеке құрылғыларды, парольдерді және жеке ақпаратты қорғаудың негізгі шараларын сақтауды ұсынады, оның ішінде келесі қауіпсіздік шараларын:
- Қауіпсіз парольдерді пайдалану, оларды мерзімді түрде жаңартып отыру, парольдер мен тіркелгі атауын қауіпсіз сақтау қағидаларын сақтау;
- Электрондық хаттарға, телефон қоңырауларына, мессенджердегі хабарламаларға немесе кез келген адамнан келіп түскен хаттарға мұқият қарау, егер олар құпиясөзді, жеке куәлік немесе банк картасы деректерін сұраса. Мұндай деректерді бермеу, ал сұратылған мәліметтердің заңдылығына көз жеткізу үшін Қордың қолдау қызметіне хабарласу;
- Парольді және банк картасының нөмірін тек қауіпсіз қосылым арқылы енгізу, мысалы, интернет-дүкенде тек браузердің мекенжай жолындағы «https/http» белгішесі көрсетілген кезде.
Пайдаланушының тиісті сақтық танытпауының салдарынан оның дербес деректеріне рұқсатсыз тұлғалардың қол жеткізуінен туындаған теріс салдарлар үшін толық жауапкершілікті Пайдаланушы өз мойнына алады.
 

6.      ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Пайдаланушы өз дербес деректеріне қатысты бірқатар құқықтарға ие:
Пайдаланушы Қорда сақталатын және өңделетін өзінің дербес деректерінің бар екендігі туралы білуге құқылы;
Пайдаланушы өз дербес деректерінің қалай пайдаланылып жатқандығы туралы ақпарат алуға құқылы. Дербес деректерді пайдалану мақсаттары, оларды жинау және өңдеу тәсілдері, сондай-ақ оларды өңдеу мен сақтау мерзімдері туралы барлық ақпарат осы Құпиялылық саясатында және Шартта және/немесе оның ажырамас бөліктерінде көрсетілген;
Пайдаланушы өзінің дербес деректеріне өзгерістер енгізуді, оларды толықтыруды немесе өзі туралы дұрыс емес ақпаратты түзетуді сұратуға құқылы.
Кейбір жағдайларда Қор Пайдаланушыдан жеке басын куәландыратын құжатты қоса алғанда, растайтын құжаттарды сұратуы мүмкін.
Егер Пайдаланушы Платформада тіркелген болса, ол өзінің кейбір дербес деректерін жеке кабинетіндегі тиісті бөлімде өзгерте немесе жаңарта алады. Пайдаланушы Қор тарапынан дербес деректерді жинау және өңдеу шарттарының бұзылғаны туралы ақпараты болған жағдайда, Қордан дербес деректерді бұғаттауды (яғни, деректерді жинау мен өңдеуді уақытша тоқтату) талап етуге құқылы.
Пайдаланушы, егер деректерді жинау мен өңдеу Қор тарапынан келісім негізінде жүзеге асырылып жатса, Қордан дербес деректерді жоюды талап етуге құқылы. Қор осы Құпиялылық саясатында көрсетілген жағдайларда дербес деректерді өңдеу құқығын өзіне қалдырады.
Пайдаланушы кез келген уақытта өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алуға құқылы.
Бұл құқықтар help@hopeworldcongress.com  электрондық поштасына алдын ала хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады. Хабарлама Қорға түскен күннен бастап кемінде 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді. Аталған құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келген жағдайда, сондай-ақ Пайдаланушының Қор алдындағы орындалмаған міндеттемелері болған кезде жүзеге асырылмайды.
 

7.      ДАҒДАРЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ШЕШУ

 

Егер Пайдаланушыда Қорға қатысты сұрақтары, өтініштері болса және/немесе дербес деректерді өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы жүзеге асырылып жатыр деп есептесе, ол даулы жағдайды шешу үшін Қорға жүгінуге құқылы. Сондай-ақ, Пайдаланушы дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы. Мұндай уәкілетті орган — Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып табылады. Министрліктің байланыс деректерін мына сілтеме арқылы табуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/contacts?lang=ru .
Қор Пайдаланушының өз бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына, дауларды сотқа дейін реттеу субъектілеріне, сондай-ақ Қор орналасқан жердегі сот органдарына жүгінуге құқылы екенін хабарлайды.
Пайдаланушылар хаттар мен шағымдарды осы саясаттың «Байланыс» бөлімінде көрсетілген тәсілмен жолдай алады.
Қор кез келген өтінішті шешуге көмектесуге әрқашан дайын.
 

8.      ДЕРЕКТЕРДІ СЕРІКТЕСТЕРГЕ ЖӘНЕ БАСҚА ТҰЛҒАЛАРҒА БЕРУ

Қор дербес деректерді Серіктестерге және басқа тұлғаларға, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, келесі тұлғаларға бере алады:
Қызмет көрсетушілер – Қормен келесі қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан жеке және/немесе заңды тұлғалар: көлік, пошта, курьерлік қызметтер, веб-сайт хостингі, Қордың ақпараттық жүйелерін хостинг ету, сауалнамалар жүргізу, нарықты талдау, маркетингтік қызметтер көрсету, жарнама серіктестері, сондай-ақ жұмысымыздың, тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған басқа да сервистік қызметтер.
Қаржы ұйымдары – банктер және/немесе кредиттік ұйымдар, оларға Қор Пайдаланушылардың тіркелу кезінде көрсетілген дербес деректерін, ЖСН-ін, ұялы телефон нөмірін және аты-жөнін ұсынуы мүмкін. Пайдаланушылардың дербес деректерін одан әрі жинау, өңдеу, сақтау, пайдалану, беру және т.б. процестері қаржы ұйымдарының өз интернет-ресурстарында жеке алынатын келісімі негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар, соттар – Қор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келген жағдайда, құқық қорғау органдарының, соттың немесе сот шешімдерін орындаушы тұлғалардың талабы бойынша Пайдаланушылардың дербес деректерін жария ете алады.
 

9.      ДЕРЕКТЕРДІ БАСҚА ЕЛДЕРГЕ БЕРУ

 

Қор Пайдаланушылардың дербес деректерін шетелге бере алады және оларды шетелде сақтауы мүмкін. Трансшекаралық деректерді беру кезінде Қор деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
 

10.  ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ

Дербес деректерді сақтау мерзімі оларды өңдеу мақсатына және Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына байланысты. Қор дербес деректерді оларды жинау және өңдеу мақсаттарын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына, соның ішінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес Қордың міндеттемелерін орындау үшін қажет болған мерзімге дейін сақтайды. Осы мерзім өткеннен кейін Қор дербес деректерді жояды немесе өшіреді.
Қор дербес деректерді сақтау мерзімін айқындау барысында олардың сипатын және құпиялылық дәрежесін, дербес деректерді рұқсатсыз пайдалану салдарынан келуі мүмкін ықтимал қауіп-қатерлерді, деректерді жинау мақсаттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын ескереді. 
Пайдаланушы Қордан өзінің тіркелгісін жоюды сұрата алады. Тіркелгі мыналарды қамтитын (бірақ олармен шектелмейтін) деректермен бірге жойылады: аты, тегі, ЖСН, телефон нөмірі, электрондық пошта, жынысы, туған күні және байланыс тілі. Алайда, Платформамен өзара әрекеттесу туралы ақпарат, электрондық және қағаз түріндегі сатып алу тарихы сақталады. Есептік жазба жойылғаннан кейін, пайдаланушы өз бетінше есептік жазбаны қалпына келтіргенге дейін Қор пайдаланушымен міндеттемелерді орындау үшін де, маркетингтік немесе басқа мақсаттарда да байланыс жасамайды.
Деректерді сақтау кезеңіне, есептік жазбаны жою туралы сұрау салуға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда пайдаланушылар осы Құпиялылық саясатының "Байланыстар" бөлімінде көрсетілген тәсілмен Қорға хабарласа алады.
 

11.  СЫРТҚЫ ВЕБ-САЙТТАРҒА СІЛТЕМЕЛЕР

Қордың Платформасында үшінші тараптардың веб-сайттарына немесе сервистеріне сілтемелер болуы мүмкін. Пайдаланушылар сондай-ақ Платформадан өзге веб-сайттарға өте алады. Бұл веб-сайттар Қормен әріптестік орнатқан банктер мен кредиттік ұйымдардың сайттары болуы мүмкін. Қор мұндай веб-сайттар мен сервистердің мазмұнына, олардың саясатына, сондай-ақ Пайдаланушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу шарттарына жауап бермейді. Үшінші тараптардың әрекеттері олардың өз Құпиялылық саясатымен реттеледі. Осыған байланысты Пайдаланушылардан сыртқы ресурстарда орналасқан Құпиялылық саясаттарымен танысып шығуды сұраймыз.
 

12.  ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР

Қор Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайда, осы Құпиялылық саясатына біржақты тәртіпте, өз қалауы бойынша өзгерістер енгізе алады.
 

13.  КОНТАКТЫ

 

Осы Құпиялылық саясаты және Қордың дербес деректерді өңдеу тәртібі бойынша барлық сұрақтар мен шағымдар бойынша Пайдаланушылар келесі мекенжай бойынша қолдау қызметіне хат немесе шағым жібере алады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, электрондық пошта: help@hopeworldcongress.com, БСН: 250440026890.
Қор мұндай хаттар мен шағымдарды тек «дербес деректер» деген белгімен жолданған жағдайда қарайды және басқа байланыс арналары арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жолданған өтініштер мен шағымдарға жауап бермеу құқығын өзіне қалдырады.
Қор Пайдаланушыларға әлеуметтік желілердегі парақшаларда өздерінің дербес деректерін жарияламауға кеңес береді.