The site is loading source codes, images and scripts
please wait a bit
0%

 

ЖАРИЯ ШАРТ (ОФЕРТА)

 

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Төменде келтірілген Оферта мәтіні Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға бағытталған ресми жария ұсыныс болып табылады. Қызмет көрсету туралы шарт жеке немесе заңды тұлға осы Офертада көзделген әрекеттерді жасаған сәттен бастап жасалды деп есептеледі және күшіне енеді. Бұл әрекеттер осы Офертаның барлық шарттарын толық және сөзсіз қабылдауды, ешқандай алып тастау немесе шектеусіз, қосылу тәртібімен қабылдауды білдіреді.
 
1.2. «HOPE» – Help Others Pursue Education» қоғамдық қоры іс-шараны ұйымдастырушы және Билет сатушы (бұдан әрі – «Сатушы») ретінде, интернет желісінің пайдаланушысына (бұдан әрі – «Сатып алушы») Сатушы ұйымдастыратын Іс-шараға Билеттерді сатып алу үшін https://hopeworldcongress.com/  мекенжайы бойынша қолжетімді Билеттерді сату қызметін (бұдан әрі – «Сервис») пайдалануды ұсынады.
1.3. Сервис сатып алушыға инклюзивті білім беру жөніндегі алғашқы Дүниежүзілік Конгресс туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады. Бұл ақпаратқа іс-шараның өткізілу орны мен уақыты, мәтіндер, иллюстрациялар, фотосуреттер, графика, аудио және бейнематериалдар, сондай-ақ Іс-шараға қатысты өзге де ақпарат (бұдан әрі – «Материалдар») кіреді. Сонымен қатар, сервис арқылы сатушы ұсынған іс-шараға қатысуға арналған билеттердің құны туралы ақпарат та қолжетімді.
1.4. Сатушының Сайтында Билеттер сатып алынғанға дейін жарияланған бағалар оферта болып табылмайды. Нақты баға Билеттердің Сатушы Сайтында нақты сатып алыну күніне қолжетімді тарифтерге сәйкес нақтыланады.
1.5. Оферта шарттары Сатушы тарапынан ешқандай арнайы хабарламасыз өзгертілуі мүмкін. Офертаның жаңа редакциясы, егер онда өзгеше көзделмесе, https://hopeworldcongress.com/  интернет-ресурсында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді..
1.6. Егер Сатушы осы Офертаның 1.5-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес қандай да бір өзгерістер енгізсе және Сатып алушы бұл өзгерістермен келіспесе, онда ол Сервисті пайдалануды тоқтатуға тиіс.
 

2. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Жүйе – электрондық билеттерді сату жүйесі, ол Системаның ақпараттық ресурстарымен жұмыс істеуге, Іс-шараға Билеттер сатуды жүзеге асыруға, сондай-ақ сатылған Билеттер бойынша деректер базасын қалыптастыруға арналған. Жүйе https://hopeworldcongress.com/  интернет-порталынан, сондай-ақ серіктес интернет-порталдарда орналастырылған ендірілген виджеттерден тұрады.
Сайт – сатушының https://hopeworldcongress.com/  интернет-порталы, сондай-ақ сатушының басқа интернет-ресурстары, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, сатушының веб-сайттары мен мобильді қосымшалары. 
Іс-шара – инклюзивті білім беру жөніндегі алғашқы Дүниежүзілік Конгресс, арнайы белгіленген жерде өткізілетін іскерлік іс-шара, оған қатысу билет көрсету арқылы мүмкін болады.
 
Билет – сатып алушыға жүйе арқылы сатылатын қатаң есептегі құжат, ол сатушы мен сатып алушы арасындағы шарттың жасалғанын растайды және оны ұсынған тұлғаға Іс-шараға қатысу құқығын береді.
Билет Сатып алушы (Сатып алушы) – атына Билет сатып алуға тапсырыс рәсімделген жеке немесе заңды тұлға.
Билет коды – Билет сатып алу кезінде Сатып алушыға жіберілетін QR-код, ол Іс-шараға кіру үшін Сатушыға ұсынылуы тиіс.

 

3. ШАРТТЫҢ ПӘНІ

3.1 Осы Офертаның шарттарына сәйкес, Сатушы Сатып алушыға Жүйе арқылы Іс-шараға Билеттерді мына мекенжайда көрсетілген бағамен сатып алу мүмкіндігін ұсынады:________[ЖА1] .

 

4. БИЛЕТТЕРДІ ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫ

4.1. Жүйені пайдалана отырып, Сатып алушы осы Офертаның шарттарымен ондағы тәртіп пен көлемде толық келісетінін растайды.
4.2. Билеттерді сатып ала отырып, Сатып алушы:
а) осы Офертаның ережелерімен толық танысқанын,
б) Оферта шарттарын түсініп, қабылдағанын;
в) Оферта шарттарын қабылдау кезінде өз әрекеттерінің мәні мен салдарын түсінетінін растайды.
4.3. Сатып алушы Билет сатып алу кезінде Сатушымен тікелей шарттық қатынастарға түседі. Билеттің негізінде қатысу құқығы берілетін Іс-шараны ұйымдастыру және өткізу бойынша міндеттемелер Сатушыға жүктеледі.
4.4. Сатып алушы мен Сатушы арасында жасалатын келісімнің маңызды шарттары (Іс-шараның атауы, өткізу орны, күні мен уақыты, залдағы орны, Сатушы белгілеген Билет бағасы) Сатып алушы Билетті Жүйе арқылы сатып алу кезінде анықталады және Билеттің өзінде көрсетіледі. Билетте сондай-ақ Іс-шараға кіру үшін қажетті сәйкестендіруші (QR-код) көрсетіледі.
4.5. Билет Сатып алушыға сатып алынған болып есептеледі, егер ол төленіп, төлем туралы растау Билетпен бірге Сатып алушы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберілсе. Бұл электрондық билетке қатысу коды (QR-код) қосылады.
4.6. Егер Сатып алушы Билетті сатып алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде алмаса, ол тапсырыстың мәртебесін нақтылау үшін Сатушының клиенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуі тиіс. Егер Сатушының қолдау қызметі Сатып алушының белсенді тапсырысының болуын растамаса, алайда төлем жасалғаны растайтын құжаттар бар болса, онда Сатып алушыға төленген сома дереу қайтарылады немесе балама сатып алу нұсқасы ұсынылады, не болмаса Сатушы өз міндеттемесін орындаудың балама тәсілін ұсынуға құқылы. Сатып алушы тарапынан қарсылық болмаған жағдайда, мұндай балама осы Офертаның шарттарына сәйкес Сатушының міндеттемелерін тиісінше орындау болып есептеледі.
4.7. Сатып алушы Сатушыға Билетке тапсырыс беру және/немесе Сатушы қызметкерлерімен алдын ала немесе кейінгі жеке байланыс кезінде ұсынған дербес ақпараттың сақтау және/немесе өңдеу мақсатында шарттық қатынаста тұрған үшінші тұлғаларға, соның ішінде трансшекаралық беру арқылы, берілуіне келісімін растайды. Бұл ретте Сатушы осындай тұлғалармен жасалған шарттарда деректердің құпиялылығын және жария етілмеуін сақтау бойынша қажетті талаптардың көзделгеніне кепілдік береді. Сатып алушы Сатушының Билетті сатып алу, төлеу және (немесе) алу кезінде өзі көрсеткен ақпаратты тиісті Шарттың орындалған күнінен бастап кемінде үш жыл бойы сақтауға құқылы екеніне келіседі.
4.9. Сатушының Жүйесі арқылы Билеттерді сатып ала және (немесе) ала отырып, Сатып алушы Сатушыдан келесідей хабарламаларды алуға келісім береді: (i) Билетті сатып алғаннан кейін, Іс-шараның күшін жою жағдайында жіберілетін электрондық хаттар; (ii) көрсетілген телефон нөміріне немесе мессенджерге (SMS, WhatsApp және өзге мессенджерлер арқылы) дауыстық немесе мәтіндік хабарламалар.
4.10. Сатып алушы осы арқылы Билеттерді Сатушының Жүйесі арқылы сатып алу кезінде өзі туралы көрсеткен деректердің шынайы, өзекті екенін және бұл деректер Сатушы қызметкерлеріне қажет болған жағдайда Сатып алушымен байланысу мүмкіндігін қамтамасыз ететінін растайды.
 

5. САТУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1. Сатушы міндеттенеді:
5.1.1. Сатып алушы Жүйе арқылы Билет сатып алу кезінде ресімдейтін сұраныстарына сәйкес Іс-шараға Билеттерді сату және тапсырыстарды ресімдеуді барынша күш салып жүзеге асыруға; 
5.1.2. Іс-шараға Билеттерді сату мәселелері бойынша Сатып алушыға чаттарда, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және/немесе электрондық пошта арқылы кеңес беруге;
5.1.3. Сатып алушыға қызметтерді осы Офертаның барлық талаптарына сәйкес, тиісті түрде және сапада ұсынуға;
5.1.4. Сатып алушыға белгіленген күндерде өтетін барлық ресми Іс-шараларға қатысу құқығын беруге. Сатып алушыға үш күн бойы Іс-шараның ресми бағдарламасына кіретін барлық сессияларға, панельдік пікірталастарға, шеберлік сабақтарына және басқа да іс-шараларға қатысу құқығы беріледі.
5.1.5. Сатып алушыны Іс-шара аумағына кіргізу үшін міндетті растау құжаты болып табылатын бейдж беру арқылы оның сәйкестендірілуін қамтамасыз етуге;
5.1.6. Іс-шараның барлық күндері бойы халықаралық Сатып алушылар үшін келесі қызметтерді ұйымдастыруға: ақпараттық қолдау, локация аумағында бағдарлануға көмек көрсету, түрлі іс-шараларға қатысуын үйлестіру;
5.1.7. Іс-шараға қатысты барлық сұрақтар бойынша толық, шынайы және жан-жақты ақпаратты Сатушының сайтында орналастыру арқылы ұсынуға;
5.1.8. Іс-шараның күшін жою/кейінге шегеру жағдайында Сатып алушыларды бір немесе бірнеше қолжетімді байланыс арнасы арқылы дер кезінде хабардар етуге. Егер Сатушы өз тарапынан барлық шарттарды орындаса, алайда Сатып алушы қандай да бір себептермен (мысалы: хабарламаны алмаған/көрмеген, телефон нөмірін ауыстырған, мессенджерлерді, поштаны, әлеуметтік желілерді пайдаланбайтын болса) хабардар етілмеген болса, Іс-шараға келмеу үшін толық жауапкершілік Сатып алушының өзіне жүктеледі.
 5.1.9. Сатып алушы ұсынған дербес деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге. Бұл міндеттемені бұзу болып саналмайды: Сатушы тарапынан осы Офертаның 4.7-тармағына сәйкес Сатып алушы алдындағы міндеттемелерді орындау үшін тартылған өз қызметкерлеріне және өзге тұлғаларға ақпаратты ұсыну; Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға осындай ақпаратты беру.
5.2. Сатушытөмендегілерге құқылы:
5.2.1. Сатып алушыдан осы Офертаның шарттарын сақтауын және орындауын талап етуге;
5.2.2. Сатып алушыны алдын ала хабардар ете отырып, себептерін түсіндірместен қызмет көрсетуден бас тартуға;
5.2.3. Іс-шараға арналған төлем жасауға белгіленген уақыт шегінде төленбеген жағдайда, рәсімделген Билетке тапсырысты жоюға.
 5.2.4. Сатып алушының электрондық поштасына, мессенджерлеріне және мобильді телефонына ақпараттық және жарнамалық сипаттағы электрондық хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуге;
 5.2.5. Бір тапсырыс аясында бір Сатып алушыға сатылатын Билеттердің санына шектеу қоюға. Сатушы өз қалауы бойынша Сатып алушының көрсеткен байланыс деректері (электрондық пошта және телефон нөмірі) бойынша іс-шараға сатып алуға рұқсат етілген билеттер санына лимит белгілеуге құқылы.
5.2.6. Кез келген уақытта осы Офертаның шарттарын біржақты тәртіпте өзгертуге, бұл ретте өзгертілген шарттарды Сайтта жариялауды қамтамасыз етуге құқылы.
5.2.7. Егер Сатушы Жүйе арқылы сатып алу аяқталғаннан кейін қандай да бір техникалық немесе басқа себептер бойынша (оның ішінде, бірақ олармен шектелмей: Жүйедегі техникалық ақаулар, Жүйеге Сатып алушылар тарапынан артық жүктеме және т.б.) Сатып алушыға Билетті ұсынуға немесе осы Офертаның аясындағы өзге міндеттемелерін орындауға мүмкіндіксіз болса, Сатушы Сатып алушыға өз міндеттемесін орындаудың балама тәсілін ұсынуға құқылы.  Бұл балама тәсілге түрлі нысандағы өтемақы төлеу және басқа да шешімдер кіруі мүмкін (бірақ олармен шектелмейді). Бұл жағдайда Билет бойынша Сатушының (Ұйымдастырушының) бастапқы міндеттемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 369-бабында (Жалпы бөлім) көзделген өтем беру қағидаларына сәйкес орындалған басқа міндеттеме арқылы тоқтатылды деп есептеледі.
 

6. САТЫП АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

6.1. Сатып алушы төмендегілерге құқылы:
6.1.1. Билет сатып алынғаны туралы растауды алуға (оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, электрондық пошта немесе мессенджер арқылы);
6.1.2. Іс-шара және оған қатысу шарттары туралы толық әрі шынайы ақпарат алуға;
 6.1.3. Билетті айырбастау және/немесе қайтару және ұстап қалынған сомаларды шегергендегі Билет құнын қайтару құқығын жүзеге асыруға;
6.1.4. Осы Офертаның 5.2.7-тармағында көрсетілген жағдайда сатып алынған Билетті белгіленген тәртіппен қайтарып, тиісті ақшалай өтемақы алуға немесе Сатушының Билет бойынша міндеттемесін орындаудың балама тәсілін сөзсіз және қайтарылмастай қабылдауға/келісуге (оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, түрлі нысандағы өтемақыларды төлеу), бұл ретте мұндай тәсіл «өтеу беру» қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

6.2. Сатып алушы төиендегілерге міндетті:
6.2.1. Бейдж ресімдеу мен сүйемелдеу ұйымдастыру үшін қажетті өз дербес және байланыс ақпаратының дұрыстығына дербес жауап беруге, сондай-ақ алған бейджінің сақталуын қамтамасыз етуге.
Егер Сатып алушының дербес деректерінде қандай да бір өзгерістер орын алса, ол бұл өзгерістерді Сатушының қолдау қызметіне уақтылы хабарлап, Іс-шараға қатысуы және/немесе оның кестесіндегі өзгерістер туралы тиісті хабарландыру алуын қамтамасыз етуі тиіс.
6.2.2. Мінез-құлық ережелерін сақтау, соның ішінде сессияларға қатысу тәртібін, қауіпсіздік талаптарын және Іс-шараның ішкі тәртіп қағидаларын орындауға;
6.2.3. Ұйымдастырушыларға, спикерлерге және Іс-шараның басқа қатысушыларына құрметпен қарауға.
Біз әрбір халықаралық қонақтан жоғары кәсіби этика, қабылдаушы тараптың мәдениетіне құрмет және Іс-шараға конструктивті қатысу күтетінімізді ескертеміз.

 

7. БИЛЕТТЕРДІ ҚАЙТАРУ ШАРТТАРЫ

7.1. Сатып алушы бұрын сатып алынған Билетті қайтару туралы сұраныс жіберген жағдайда, іс-шара басталуына 1 (бір) айдан аз уақыт қалған болса, сатушы сатып алушыға қайтарудан бас тартуға құқылы.
7.2. Егер Билетті қайтару туралы сұраныс осы Шарттың 7.1-тармағында көрсетілген мерзімнен ерте және Сатушыға байланысты емес себептер бойынша жасалса, Сатушы қайтару рәсімін жүргізу үшін Сатып алушыдан өтемақы ұстауға құқылы.
7.2.1. Іс-шараға сатып алынған билет қайтарылған жағдайда ұсталатын өтемақы мөлшері билет номиналдық құнының 70 % құрайды.
7.2.2. Тек Сатушының Жүйесі арқылы сатып алынған билеттер ғана қайтаруға қабылданады.
7.3. Іс-шараның күшін жоюы, ауыстырылуы немесе кейінге қалдырылуы жағдайында билеттерді қабылдау және ақшалай қаражатты қайтару сатушы тарапынан жүзеге асырылады және 10 (он) банк күні ішінде сатып алушының банктік картасына қайтарылады.
 

8. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

8.1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
8.2. Сатушы Билет ресімдеу және алу тәртібі, Іс-шараға қатысу, сондай-ақ осы Оферта шеңберінде қызметтерді алу және пайдалану туралы ақпаратты қате түсіну немесе түсінбеу нәтижесінде Сатып алушыға келтірілген кез келген шығындар мен моральдық зиян үшін жауап бермейді.
8.3. Сатушы Қызметтерді қауіпсіз көрсету шарттарын қамтамасыз етуге байланысты ықтимал тәуекелдер үшін, сондай-ақ Сайтқа жасалған желілік шабуылдар немесе бұзулар үшін жауап бермейді. Бұған техникалық себептермен болған Сайт жұмысының ақаулары да кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

9. ФОРС-МАЖОР

9.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін форс-мажор жағдайлары әрекет еткен кезеңде жауапкершіліктен босатылады. Форс-мажор – Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін төтенше және алдын ала болжауға болмайтын жағдайлар деп танылады. Оларға мыналар жатады: табиғи апаттар; ядролық жарылыстың, радиацияның (иондаушы сәуле) немесе радиоактивті ластанудың, ядролық қару, өндірістік және ғылыми зерттеу жұмыстары немесе радиоактивті қалдықтар әсерінің салдарлары; соғыс, әскери басып кіру, шетелдік жаудың дұшпандық әрекеттері, соғыс қимылдары, әскери маневрлер және оларға байланысты әскери сипаттағы шаралар; азаматтық соғыс, қарулы бүлік, халық көтерілістері мен жаппай тәртіпсіздіктер, билікті күшпен басып алу немесе ұстап тұру; эпидемиялар, эпизоотиялар, қолайсыз метеожағдайлар, террористік әрекеттер, ереуілдер, тартып алу, конфискация, реквизиция, ұлттық меншікке айналдыру және т.б. Аталған жағдайлардың туындауына байланысты зардап шеккен Тарап бұл туралы екінші Тарапты мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде хабардар етуге міндетті. Жалпыға белгілі оқиғалар қосымша растауды талап етпейді, ал өзге оқиғалар бойынша тиісті құжаттар ұсынылуы қажет. Мұндай құжаттар ретінде, соның ішінде бірақ олармен шектелмей, уәкілетті мемлекеттік органдардан шыққан ресми құжаттар қабылданады.

10. ДАУЛАР МЕН ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ

10.1. Осы Шарттан туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар мүмкіндігінше Тараптар арасында келіссөздер арқылы шешілуі тиіс.
10.2. Егер дауды сотқа дейін реттеу барысында келісімге келу қандай да бір себеппен мүмкін болмаса, онда осы Шарттан туындайтын дау Сатушы орналасқан жері бойынша — Астана қаласының Аралық экономикалық сотында қаралуға жатады.
10.3. Сатып алушыдан көрсетілген Қызметтерге қатысты шағымдар тек жазбаша түрде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Сатушы тарапынан қабылданып, қаралады.
10.4. Сатып алушы Жүйені пайдалану кезінде заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда, оның кінәсін анықтау үшін техникалық мәселелерді шешу мақсатында Сатушы құзыретті ұйымдарды сарапшы ретінде тартуға құқылы. Сатып алушының кінәсі дәлелденсе, ол сараптама жүргізуге кеткен шығындарды өтеуге міндетті.

11. БАСҚА ШАРТТАР

11.1. Шарт осы Публичтік оферта шарттарымен келісімін Сатып алушы растаған сәттен бастап, яғни Билетті сатып алу рәсімін жүзеге асыру кезінде, күшіне енеді және бұл әрекет Шартқа қосылу болып есептеледі.
11.2. Сатып алушы, егер Сатушы тарапынан орындалмаған міндеттемелер болмаған жағдайда, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл үшін ол Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны Сатушыға болжалды бұзу күнінен кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жіберуі қажет. Бұл ретте Сатып алушы Сатушының сайтында нақты көрсетілген, қайтарылмайтын билеттерді сатып алған болса, мұндай билеттердің құны қайтарылмайтынын түсінеді және мойындайды. Алайда, Сатып алушы Шартты бұзудан бас тарту құқығын өзінде қалдырады.  
11.3. Сатушы Шарттан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы. Бұл үшін Сатушы өзінің ресми сайтында тиісті хабарлама жариялауы немесе Билет сатып алу кезінде Сатып алушы көрсеткен байланыс деректері бойынша кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабарлама жолдауы тиіс.
11.4. Осы Шартта көзделмеген өзге барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

12. САТУШЫНЫҢ РЕКВИЗИТТЕРІ:

 

«HOPE» – Help Others Pursue Education қоғамдық қоры
Заңды мекенжайы: Алматы қ.
БСН: 250440026890
ИИК (теңге): KZ498562203145557390
ИИК (АҚШ доллары): KZ988562203246081294
«БанкЦентрКредит» АҚ
БСК: KCJBKZKX
КБЕ: 18

 

 

 [ЖА1]Указать ссылку